Есепті файлға экспорттау

Есепті XML, HTML немесе PDF пішіміндегі файлға экспорттауға болады.

Есепті файлға экспорттау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Бақылау және есеп беру → Есептер бөліміне өтіңіз.
  2. Файлға экспорттау қажет есеп атауының жанындағы жалаушаны қойыңыз.
  3. Есепті экспорттау түймесін басыңыз.
  4. Ашылған терезеде Атауы өрісінде есеп файлының атауын өзгертіңіз. Әдепкі бойынша файл атауы таңдалған есеп үлгісінің атауына сай келеді.
  5. Есеп файлының түрін таңдаңыз: XML, HTML немесе PDF.
  6. Есепті экспорттау түймесін басыңыз.

    Есеп таңдалған пішімде, әдепкі қалтаға, сіздің құрылғыңызға жүктеледі немесе сіз файлды қажетті жерге сақтай алуыңыз үшін, браузеріңізде Басқаша сақтау стандартты терезесі ашылады.

Есеп файлға сақталады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Мониторинг және есептер

Басына оралу